Тіршіліктің біртектілігі мен алуан түрлілігі заңының мәні қандай? Мысал келтіріңіз.

Тіршіліктің біртектілігі мен алуан түрлілігі заңының мәні қандай? Мысал келтіріңіз.
Предыдущая16171819202122232425262728293031Следующая

Жер бетіндегі тіршілік өте күрделі. Ол адамзаттан вирустарға дейінгі аралықты қамтиды. Аталған көптүрлілік иерархиялық топтарды, яғни түрлі рангалы таксондар - табиғи таксондық жүйелерді қалыптастырады. Органикалық форманың біртұтастығы жануарлар дүниесі мен кез келген рангалы таксономдық топтар деңгейінде байқалады. Әртүрлі органикалық формалардың құрылысы мен функциясының ұқсастығы олардың шығу тегінің жалпылығымен –гомология, орта жағдайының ұқсастығына бейімдеушілік процестердің паралельдігімен – аналогия және тірі ормалардың ішіндегі бейімдеушілік процестермен байланысы жоқ заңдылықтарды анықтайтын эволюцияның номогенетикалық компоненттерінің әсерлерімен байланысты. Бұл факторлардың әртүрлі нақты жағдайлардағы ұқсастық қатынастары түрліше болуы мүмкін. Органикалық форманың алуан түрлілігінен олардың қарапайымдылықтан күрделілігіне қарай дамулары, эволюциялық жағдайдың алуантүрлілігі, оның дивергенттілігі мен бейімдеушілігі және мутациялық процестердің кқпбағыттылығы байқалады. Систематикада жекеленген өсімдіктер өзара бір-біріне бағынатын ранг қатарындағы таксондық топтарға жатады, олардың ішіндегі негізгісі-түр. Ботаникалық таксондардағы басты рангілер; түр, тұқымдас, туыс, қатар, класс, бөлім, патшалығы. Жануарлар классификацясы да осы жолмен құрылады, бөлімге тип, қатарға отряд, сортқа – тұқым сәйкес келеді. Биологиялыық патшалықты классификациялау құрылымдық-морфологиялық критериийлерге негізделегн болуы қажет, осыған байланысты тірі материя құрлысының 1- ацеллюлярлық, 2-квазицеллюлярлық, 3-протоцеллюлярлық, 4-моноцеллюлярлық, 5-полицеллюлярлық сияқты негізгі формаларын ажыыратуға болады. Ацеллюлярлық құрылымдар вирустар мен олардың гипотетикалық аналогтарына және И.А.Опариннің тіршіліктің пайда болуыы теориясындағы концервативтік белок тамшыларына тән. Квазицеллюлярлық құрылымдар жабынды қабағы болмайтын ұсақ бактериялар – микоплазмаға тән. Протоцеллюлярлық құрылымдар – нағыз бактериялар, мұндай қасиеттер археобактериялар мен цианобактерияларға да тән. Эукариоттардан жоғары деңгейде тұрған моно- және полицеллюлярлы құрылымдар түрлі өкілдерінің симбиоздық эволюциясы нәтижесінде пайда болған. Сонымен ұсынылып отырған гипотездік схема филогенетикалық туыстығы жағынан өзара бір-бірімен тығыз байланысты тірі материяның құрылымдық формаларын тұтастай қамтып отыр. Сент-Илер заңын қарастыруды аяқтай келе бұл заңның бастапқы идеясымен салыстырғанда оның қазіргі мазмұны тіршіліктің біртұтастығы мен көптүрлілігі анықтайтын факторларды түсіндіруде көптеген соңғы жаңалықтарды енгізгендігін айтуға болады. Бұл факторларды талдаумен эволюциялық ілім шұғылдануда. Бұдан Сент-Илер заңының биологиялық эволюция заңымен тығыз байланыстылығын көреміз.


4642700294889690.html
4642721369046602.html
    PR.RU™