Мүліктің жекелеген түрлерінің құқықтық режимі

Азаматтық құқықтың ең көп тараған нысандарының қатарына заттар жатады. Заттар деп адамдарды қоршаған сыртқы ортаның материалдық нәрселері түсініледі, оған қоса заттардың мәртебесі олардың пайдалы қасиеттерін тек адамдар түйсінетін және игеретін материалдық құндылықтарға ие. Әдетте, заттың мүлік ретіндегі мәнін ашатын белгілер деп төмендегілер аталады:

1) зат — адамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын мүліктік игілік;

2) зат тұтыну-шылық және айырбас құнына ие;

3) заттың көбінесе ақшалай құны болады;

4) әдетте, зат айналымға қабілетті болуға тиіс.

Заттарды түрлерге бөлуге қатысты айтылған пікірлерді қорытындылай келе, заттардың төмендегідей топтарын ажыратуға болады:

1) айналымға рұқсат етілген, айналымға шектеулі қабілетті және айналымнан шығарылған (ҚР АК 116-бабы);

2) жылжитын және жылжымайтын заттар (ҚР АК 117-бабы);

3) табиғаттан шыққан заттар және адам еңбегімен құрылған заттар (1996 ж. қаңтардың 27-індегі № 2828-інші «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңының 1 -бабы);

4) бөлінетін және бөлінбейтін заттар (ҚР АК 120-бабы);

5) басты заттар және керек-жарақтар (ҚР АК 122-бабы);

6) күрделі және қарапайым заттар (ҚР АК 121-бабы);

7) дара белгілі заттар және тектік белгілерімен айқындалатын заттар (ҚР АК715-бабының 1-тармағы, ҚР АК 771-бабы);

8) тұтынылатын және тұтынылмайтын заттар (ҚР АК 541-бабы-ның 1 тармағы);

9) денелі және денесіз заттар;

10) жанды және жансыз заттар (ҚР АК 124-бабы).

Азаматтық құқықтағы заттарды жіктеудің ең маңызды белгісі - олардың айналымға қабілеттілігі, яғни азаматтық айналым нысаны болу және өзінің меншік иелерін ауыстыру қабілеті болып табылады. Осы белгі бойынша барлық заттар үш топқа бөлінеді:



1) айналымға рұқсат етілген заттар (иеліктен еркін шыға алатын немесе бір тұлғадан екіншісіне жан-жақты құқықтық мирасқорлық (заңды тұлғаның мұрагерлігі, қайта құрылуы) тәртібімен немесе басқа тәсілмен өте алатын заттар);

2) айналымда шектелген немесе айналымға шектеулі қабілетті заттар (айналымның белгілі бір қатысушыларына жатқызыла алатын немесе айналымға құзырлы органдардың арнайы рұқсатымен ғана жіберілетін заттар (мысалы, әскери атқыш қол қаруы және олардың патрондары - әзірлеу, өндіру, жөндеу, сауда-саттық, сатып алу үшін лицензияның болуы қажет);

3) айналымнан алынып macталған, меншік иесі мемлекет болып табылатын заттар (мәмілелер жасайтын нәрселер бола және меншік иесін өзгерте алмайтын заттар. Оларға көптеген табиғи ресурстар (жер қойнауы, су нысандары, ормандар және т.б. жатады). Мысалы, ҚР 2003 ж. шілденің 9-ындағы № 481-1 Су кодексінің 21-бабына сәйкес, су нысандарьшың айналымы, сондай-ақ су нысандарының және солар орналасқан жерлердің иеліктен шығарылуына келтіретін сатып алу, сату, кепілдік және басқадай мәмілелер жасауға жол берілмейді).

Заттардың екінші жіктелуі азаматтық құқықтар нысандарының табиғи қасиеттерімен тығыз байланысты және заттарды жылжитын және жылжымайтын деп бөлуден көрінеді. Жылжымайтын заттар, әдетте, бір жерде тұрақты орналасады, ауыстыруға келмейді және олардың өзіне тән белгілері бар, сол себепті жылжымайтын дүние-мүліктің көпшілігіне тән айрықша белгі олардың жермен үзілмейтін байланысы болып табылады.



Жылжымайтын мүліктің құқыктық режимінің өзгешелігі жылжымайтын мүлікке берілетін құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеуде болып табылады. Мемлекеттік тіркеуге мүлікке берілетін төмендегідей құқықтар жатады:

1) меншік құқығы;

2) шаруашылык жүргізу құқығы;

3) тікелей баскару құқығы;

4) бір жылдан аз емес мерзімге берілетін жерді пайдалану құқығы;

5) бір жылдан аз емес мерзімге басым жер телімі немесе басқадай жылжымайтын дүние-мүлік нысанының пайдасына сервитут. Басқа құқықтар құқық иеленушінің қалауы бойынша тіркеледі (2007 ж шілденің 26-ындағы № 310-ПІ ҚРЗ «Жылжымайтын мүлікке берілетін кұқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» ҚР Заңы).

Кәсіпкерлік қызметге пайдаланылатын мүліктід маңызды түрлерінің бірі ретінде ақша саналады. Ақша екі негізгі формада: 1) акша белгілері (қолма-қол ақша) және 2) олардың клиенттерінің банктегі шоттарында жазылған жазу түріндегі банктердің акшалай міндеттемелері формасында (қолма-қол емес ақша) өмір сүреді. Колма-кол ақша текті белгілерімен (оларды дараландыру да мүмкін болғанмен) аныкталатын заттар, сонымен бірге тұтынылатын заттар ретінде карастырылуы мүмкін. Қолма-қол емес акша — бұл банк шотгарында есепке алынатын және заттанған формасы болмайтын акша сомалары.

Ақша бірқатар қызметтерді: 1) төлем құралы кызметін; 2) жинактау құралы қызметін; 3) кұн шамасы қызметін аткарады (1998 ж. маусымның 29-ындағы «Төлемдер және ақша аударымдары туралы» ҚР Заңы 5-бабының 1-тармағы). Алғашқы қызметі басты больш табылады, бірақ акша ерекше тауар рөлінде — кейбір мәмілелердің, мысалы. банк карызы шарты бойынша дербес кұрал (ҚР АК 727-бабының І-тармағына сәйкес қарыз беруші қарыз алушыға төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақша беруге міндеттенеді) ретінде әрекет ете алады.

ҚР АК қолма-қол ақшаны жылжитын мүлікке, ал қолма-қол емес ақшаны мүліктік құқыктарға (талаптарға) жаткызады (ҚР АК 115-бабынын 2-тармағы) Қолма-қол емес сқша мүлігінің бір түрі балып табылады және мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорынның құрамына кіре алады немесе азаматтық құқықтардың дербес нысаны болуы мүмкін.

Бағалы қағаздар да мүліктің ерекше бір түрі болып саналады. Бағалы қағаз - белгілі бір жазулардың және мүліктік кұқықтарды қуәландыратын басқа да белгілердің жнынтығы (ҚР АК 129-бабының 1-тармағы).

Бағалы қағаздар шығарылу формасына байланысты құжаттамалық және құжаттамалық емес бағалы кағаздар деп бөлінеді. Құжаттамалық бағалы қағаздар құжаттамалық формада шығарылған бағалы қағаздар (қағаз немесе басқадай материалдық негізде бағалы қағаздың мазмұнын арнайы техникалық құралдарды пайдаланбай оқу мүмкіндігімен).

Құжаттамалық емес бағалы қағаздар - құжаттамасыз формада шығарылған бағалы қағаздар (электрондық жазулар жиынтағы түрінде).

Айналыс саласына байланысты бағалы қағаздар эмиссиялық бағалы қағаздар (бір шығарылым шегінде осы шығарылым үшін бірбүтін шарттар негізінде орналастырылатын және айналысқа түсетін біртектес белгілер мен реквизиттерге ие бағалы қағаздар) және эмиссиялық емес бағалы қагаздар (эмиссиялық бағалы қағаздар белгілеріне сай келмейтін бағалы қағаздар).

Эмиссияның екі түрі болады: бағалы қағаздар эмиссиясы және ақша эмиссиясы. Бағалы қағаздар эмиссиясы айналысқа акциялар, облигациялар және басқа да құралдар (бір жалпы атауға біріккен -эмиссиялық бағалы қағаздар) шығару жолымен іске асырылады. Бағалы қағаздар эмиссиясын мемлекеттік емес коммерциялық ұйымдар да, мемлекеттік ұйымдар да шығара алады, ал ақша белгілері эмиссиясын тек мемлекет шығарады.

2003 ж. шілденің 2-індегі № 461-ІІ «Бағалы қағаздар нарығы туралы» ҚР Заңының 4-бабына сәйкес, эмиссиялық бағалы қағаздардың негізгі түрлері мыналар болып табылады:

1) ҚР ұйымдары-резиденттерінің мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары;

2) ҚР ре­зидент емес ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары;

3) халықаралық қаржы ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары;

4) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар;

5) шетелдік мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар;

6) туынды бағалы қағаздар және басқадай каржы кұралдары.

Сонымен қатар эмиссиялық бағалы қағаздар үлестік (акциялар) және борыштық (облигациялар) болуы мүмкін. Акция - акционерлік қоғам шығаратьш және акционерлік қоғамды басқаруға қатысу құқын, сол бойынша дивиденд және тарату кезінде АҚ мүлкінің бір бөліктерін алуды, сонымен бірге ҚР заң актілерімен көзделген басқа да құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз (ҚР АК 139-бабының 1-тармағы). Облигация - оны шығарған кезде айналыс мерзімі алдын ала белгіленген, шығару шарттарына сәйкес облигация шығарған тұлғадан сол бойынша сыйақы, ал оның айналыс мерзімі біткенде, ақшалай немесе басқадай мүліктік балама түрінде облигацияның нақты құнын алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз (ҚР АК 136-бабының 1-тармағы).

Бағалы қағаз иеленушісін көрсететін тәсіл бойынша бағалы кағаздар: атаулы, ұсынбалык және ордерлік деп бөлінеді. Атаулы бағалы қағазда ол куәландырған кұқықтардың (оларға акциялар, атаулы облигациялар, атаулы депозиттік және жинақ сертификаттары және т.б. жатады) аталған тұлғаға тиесілі екені расталады.

Ұсынбалық бағалы қағазда нақты адам көрсетілмейді, ал ол куәландырған барлық құқықтар (оларға ұтыс лотерея билеттері, ұсынбалық облигациялар, ұсынбалық банк және жинақ сертифи­каттары және басқалары жатады) бағалы қағазды ұсынушы, яғни оның нақгы иесіне тиесілі болып табылады.

Ордерлік бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың онда аталған тұлғаға тиесілі екендігін растайтын бағалы қағаз, ал ҚР жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы заңдарында қарастырылған жағдайды қоспағанда (ҚР АК 132-бабының 3-тармағы) ордерлік бағалы қағаз (индоссант) бойынша құқықтарды берген адам құқықгың болуы үшін ғана емес, сонымен бірге оның жүзеге асуына да жауапты болады.

Кәсіпкерлік қатынастар нысаны ретінде сонымен қатар зияткерлік меншікті, яғни азаматтың немесе заңды тұлғаның зияткерлік қызметінің немесе соған теңестірілген заңды тұлғаның дараланған құралының, жеке және заңды тұлғаның өнімінің, солар орындайтын жұмыстар мен қызметтердің (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі және т.б.) нәтижелеріне айрықша құқын атауға болады. ҚР АК 125-бабының 2-тармағына сәйкес, айрықша құқық (зияткерлік меншіктің) нысаны бола алатын зияткерлік шығармашылық меншік және даралау құралдары нәтижелерін үшінші тұлғалардың пайдалануы тек құқық иленушінің рұқсатымен ғана жүзеге асырыла алады.

Айрықша құқық: 1) шығармашылық қызмет нәтижелеріне; 2) азаматтық айналым (фирмалық атау) қатысушыларының даралау құралдарына; 3) орындалатын жұмыс немесе көрсетілетін қызметтердің (тауар белгісі (қызмет көрсету белгісі) даралау кұралдарына және тауардьщ шыққан орнына белгіленуі мүмкін.

Фирмалық атау - бұл коммерциялық ұйым больш табылатын заңды тұлғаның тіркелгеннен кейінгі атауы (АК 38-бабының 2»тар-м^ғы). Көріп отырғанымыздай, заң шығарушы «занды тұлғаның атауы» және «фирмалық атау» ұғымдарын коммерциялық ұйымдар ғана өзінің фирмалық атауын пайдалануға айрықша құқық иеленетінін және басқа адамдарға шартта (мысалы, лицензиялық шартта) негізделген тәсілдер арқылы пайдалануға рұқсат ете алатынын тұспалдай отырып, айқын ажыратып көрсетіп отыр.

Фирмалық атау заңды тұлғаның жарғысын бекіту барысында анықталады және заңды тұлғалардың Мемлекеттік тіркеліміне енгізіледі. Бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдаланғаны үшін, заң бұзушы құқық иеленушіге келтірген шығындарын өтеу түрінде (оған қоса тұлға бөтен фирмалық атауды пайдалануды тоқтатуы керек) жауапкершілікке тартылады. Жаңадан тіркеліп жатқан және бұрын тіркелген заңды тұлғалардың фирмалық атауларының бірдейлігінен шығуы мүмкін келеңсіз зардаптарды болдырмау үшін тиісті заңды тұлғалардың теңдестірілуіне, сонымен қатар олар шығаратын тауарларға немесе көрсететін қызметтерге қатысты шатасушылыққа келтірмеуі үшін, бұрын тіркелген заңды тұлғаның фирмалық атауына ұқсас атауды пайдалануға рұқсат етілмейді (ҚР АК 1020-бабының 3-тармағы).

Тауар белгісі (қызмет көрсету белгісі) деп тіркелген немесе халықаралық шарт негізінде тіркеусіз қорғалатын, бір тұлғаның тауарлары мен қызметтерін басқа тұлғаның біртекті тауарларынан немесе қызметтерінен ажырату үшін қолданылатын сөз, бейнелеу белгісі, көлемді немесе басқадай белгі танылады (ҚР АК 1024-бабының 1-тармағы). Тауар белгісіне құқы бар адам өтінімін тіркеткен сәтген бастап 10 жыл бойы өзіне тиесілі белгіні пайдалануға және билеуге айрықша құқыққа ие болады. Тауар белгісін пайдалану болып оның айналымға түскен кез келген формасы: тауар белгісін немесе осы таңбамен белгіленген тауарды әзірлеу, қолдану, енгізу, сақтау, сатуға ұсыну, сату, маңдайшадағы жазуларда, жарнамада, баспа өнімінде немесе басқадай іс құжаттамаларында пайдалану саналады. ҚР АК тауар белгісіне берілген құқықты бұзғаны үшін жауапкершілік белгілеген ҚР АК 1032-бабына сәйкес, тауар белгісін немесе араласып кету дәрежесіне дейінгі соған ұқсас таңбалауды заңсыз пайдаланғанда, біріншіден, заң бұзушылықты тоқтатуға және тауар белгісінің иесіне келтірген шығынды өтеуге міндетті; екіншіден, тауар белгісінің әзірленген бейнелерін жоюға, тауардан немесе оның орауынан заңсыз пайдаланылып жатқан тауар белгісін немесе араласып кету дәрежесіне дейінгі соған ұқсас таңбалауды кетіруге тиіс (егер оны орындау мүмкін болмаса онда тиісті тауар жоюға жатқызылады).


4501676959017679.html
4501721922716314.html
    PR.RU™