Көлбеу қазбаларды жоғарыдан төмен қарай жүргізу технологиясы

Жоғарыдан төмен қарай жүргізілетін негізгі көлбеу қазбаларға еңіс жатады. Жазық қазбалармен салыстырғанда көлбеу қазбаларды жоғарыдан төмен қарай жүргізудің кейбір спецификалық ерекшеліктері бар: кенжардан сутөкпелеудің қажеттілігі, жыныстарды тиеу мен тасымалдаудың қиындатылуы және т.б.

5.1 – сурет – Тау-кен массасын вагонеткалармен тасымалдау кезінде еңістін қабылдау-жөнелту алаңы: 1 – көтерме шығырлар (лебедки подъемные); 2 – сақтандырғыш тосқауылдар (предохранительные барьеры); 3 - вагонетка

Көлбеу қазбаларды жоғарыдан төмен қарай жүргізуде ең қиын үдіріске жыныстарды тиеу жатады. Жазық қазбалармен салыстырғанда көлбеу қазбаларды желдету жеңілдеу. Себебі жерасты газдары ауаға қарағанда жеңілдеу болғандықтан олар кенжардан жоғарыға қарай шығарылады. Қазбаларды жоғарыдан төмен қарай жүргізу көп жағдайда тар кенжармен, ал тақталардың құлама бұрыштары 10° - қа дейін болған жағдайда кейбір кезде еңістерді кең кенжармен жүргізу жүзеге асырылады. Қазбаны көмір тақтасы бойынша тар кенжармен жүргізу кезінде әдетте табан жыныстарын қопару жұмыстары орындалады. Ол қазбаның төзімділігін қамтамасыз етеді және сутөкпілікті жеңілдетеді.

5.2 – сурет - Тау-кен массасын скиптерде тасымалдау кезінде еңістін

қабылдау-жөнелту алаңы: 1 - скип; 2 - бункер (гезенк); 3 - вагонетка; 4 - көтерме шығыр (подъемная лебедка)

Еңістерді жүргізу кезінде даярлық жұмыстарын баса оза келесі операциялар орындалуы қажет: штректе еңістер мен жүрісжолды кесу орындарын маркшейдерлік бөлу, қабылдау-жөнелту алаңдарын ұйымдастыру, электрэнергиясын және сығылған ауаны жеткізу, жергілікті желдету желдеткішін орнату және т.б.

Еңіс үшін қабылдау-жөнелту алаңдарының келесі типтері орнатылуы мүмкін:



- еңістін түйіспе жерінде тасыма штрек кеңейтіледі және қосымша рельс жолы төселеді (5.1 - сурет), көтерме шығырдың камерасы орнатылады және жабдықталады. Рельстік жолдарда бос вагондар қойылады және тиелген вагондарды бос вагондарға алмастыру жүзеге асырылады;

- еңіс астында қазба мен шанақ (бункер) жүргізіледі. Бұзылған жыныстарды науамен немесе скиппен шанаққа жеткізеді (5.2 - сурет). Шанақтан жыныс вагондарға тиеледі. Тиелген вагондар құрастырма шанақтын көмегімен тасымалық қазбаға жеткізіледі;

- еңісті тасымалық қазба қиып өтеді (5.3 - сурет). Шанақ пен оралма қазбаны тасыма қазбасы мен көтерме шығырдың камерасы арасына орналастырады.

5.3 – сурет - Еңіс пен оралма қазбасының түйісу жеріндегі қабылдау-

жөнелту алаңы: 1 - көтерме шығыр; 2 - науа; 3 – рельстік жол

Көлбеу қазбаларды жүргізу кезінде жыныстарды қазу ұңғымалық комбайндардың көмегімен немесе бұрғыатпалық тәсілмен орындалады. Комбайндық технология кезінде әдетте талдамалы әрекетті комбайн қолданылады. Оның көмегімен құлама бұрышы 12° - қа дейінгі қазба өтіледі. ЦНИИподземмаш конструкциясының ГПКСН типті комбайны құлама бұрышы 25° - қа дейінгі қазбаны жоғарыдан төмен қарай жүргізу үшін арналған. Комбайн көлденең қимасының ауданы 4,7…15 м2, ені 2,6…4,7 м және биіктігі 1,8…3,6 м қазбаларда жұмыс істей алады. ГПКСН комбайнның ГПКС комбайынымен өзгешелігі бұрғыбас қашауының екі дискіге ауыстырылуы, сондай-ақ оны шанақ пен арқанға іліп қою үшін ол құрылғымен жабдықталған. Құрылғы комбайнның сырғуынан сақтайды. Шанақ жүргізілетін қазбаға немесе ол үшін арнайы өтілген оймаға орналастырылады.



Көлбеу қазбаны бұрғыатпалық тәсілмен жоғарыдан төмен қарай өту кезінде теспелерді бұрғылау үшін жазық қазбаларды өтуде қолданылған жабдықтар пайданылады. Құлама бұрышы 30° - қа дейінгі қазбаларда бұрғы қондырғылары және ұстынды бұрғылық машиналар қолданылады. Олар тиеу машиналарына манипуляторлардың көмегімен орнатылады. Құлама бұрышы 30° - тан жоғары қазбаларда теспелерді бұрғылау үшін әдетте жыныстардың физика-механикалық қасиеттеріне байланысты қол перфораторлары, қысымдық және электрлік тескіштер пайдалынады.

Құлама бұрышы 15° - қа дейінгі қазбаларда шыңжыр табанды жүрісті өзіжүргіш бұрғы қондырғысы қолданылуы мүмкін. Олардың көмегімен сондай-ақ қарнақты тіреулерді орнатуға арналған теспелерді бұрғылауға болады. Жазық қазбаларда қолданылатын рельстік жүрісті БУ-1, БУР-2 типті бұрғылау қондырғылары және т.б. қайтадан жасаусыз құлама бұрышы 8° - қа дейінгі қазбаларда қолданылуы мүмкін. Кейбір конструктивтік толықтыру арқылы бұл қондырғыларды құлама бұрышы 30° - қа дейінгі қазбаларда қолдануға болады.

Атылғыш заттарды, аттыру әдістерін, бұрғыаттырма жұмыстарының шамашарттарын (АЗ шығындарын, конструкциясын, санын, тереңдігін және теспелердің орналасуын) таңдау жазық қазбаларды жүргізу кезіндегідей жүзеге асырылады.

Құлама бұрышы 30° - қа дейінгі көлбеу қазбаларды жүргізуде атылыстық жұмыстар жазық қазбаларды жүргізу кезіндегідей орындалады. Отпен аттырыс жұмысын жүргізген жағдайда бір амалда 16 оқтамалардан асырмау қажет, ал тұтандырғыш патрондарды қолданған кезде кенжарды жару үшін олардың саны оннан аспауы қажет.

Кейбір жағдайларда патрондардың және тұтандырғыш түтіктердін көмегімен аралас аттырманы жүргізуге рұқсат етіледі. Мұндай жағдайда кенжарға жұмсалатын патрондардың саны алтыдан, ал оқтамалардың саны 16 – дан аспауы қажет. Тұтандырғыш патрондарсыз 16 – дан артық оқтамаларды аттырмалауда тек қана оталдырғыш пілтелермен, электроталдырғыштармен немесе электрліотты тәсілмен орындауға рұсат етіледі.

Құлама бұрышы 30° - тан артқан көлбеу қазбаларды аттыру тек қана қауіпсіз жерден оталдырғыш пілтелердің көмегімен, сондай-ақ электрлік немесе электрліотты тәсілмен рұқсат етіледі.

Жекеленген көлбеу қазбалардың кенжарларын желдету жергілікті желдету желдеткіші және желдетпе құбырлардың көмегімен айдама схема бойынша жүзеге асырылады. Еңістерді өту кезінде желдеткішті таза ауаның ағыс бағытына қарасты штректе орнатады (ластанған ауа ағысынан 10 м – ден кем емес ара қашықтыққа).

Параллельді өтілетін бірнеше көлбеу қазбалардың кенжарларын желдету олардың ұзындықтарына және шақтының газдық режиміне байланысты бір немесе бірнеше желдеткіштердің көмегімен орындалады. Олар тікелей жүргізілетін қазбаларда немесе штректе (еңістер үшін) орнатылады.

Газдың бөлінісі бойынша II және одан төменгі категориялы шақтыларда, сондай-ақ ұзындықтары 500 м – ге дейінгі жүрісжолдармен параллельді жүргізілетін еңістерді желдету үшін бір желдеткіш қолданылады. Олар штректе (5.4, а-сурет). Ауа кенжарға бұрылмасы бар бір құбыр бойынша айдалады. Газды емес шақтыларда ара қашықтығы 20 м – ден кем параллельді көлбеу қазбалар бойынша түйіспелер әдетте кездеспе кенжарлармен өтіледі. Оларды желдету диффузияның арқасында жүзеге асырылады. Газды шақтыларда тұйық қазбаларды диффузия арқылы желдету рұқсат етілмейді.

Газдың бөлінісі бойынша II және одан төменгі категориялы шақтыларда ұзындықты көлбеу қазбаларды өту кезінде желдеткіш жүргізілетін қазбаның біреуінде орнатылады (әдетте басқа үңгімен салыстырғанда көлденең қимасының ауданы үлкенірек қазбада) және оны қазбаның ұңғылануына байланысты әрбір 300—500 м сайын тасымалдайды (5.4, б-сурет).

Қауіпсіздік ережесі бойынша газқатерлі және кенетлақтырысқатерлі, сондай-ақ III категориялы шақтыларда екі және оданда көп қазбаларды бір құбырдың көмегімен желдетуге рұқсат етілмейді. Мұндай жағдайда ұзындығы шамалы параллельді көлбеу қазбаларды өту кезінде соншама желдеткіш, яғни бір мезетте жүргізілетін қазбалар мен түйіспелердің санына байланысты орнатылады. Әрбір қазбаның кенжарына желдеткіштен құбыр салынады (5.4, в-сурет).

5.4 – сурет – Көлбеу қазбаларды және еңістерді желдету схемалары

Еңістерді бұрғыатпалық тәсілмен өту кезінде жыныстарды үзік және үздіксіз әрекетті машиналармен немесе сырмалық жиынтықпен тиейді.

5.1 - кесте

Көрсеткіштер ППМ-4у 1ПНБ-2у 2ПНБ-2у ППБ-1
Техникалық өнімділік, м3/мин 1,25 1,1 1,25 0,8
Белгіленген қуаты, кВт 21,5
Негізгі өлшемдері, мм:
ұзындығы 15 000
ені
биіктігі
Массасы, т 10,0 7,0 12,0 15,0

Шыңжыртабанды жүрістен және қармау қалақтан тұратын ПНБ типті тиеу машиналары құлама бұрышы 8° - қа дейінгі қазбаларды және жазық қазбаларды жүргізу үшін арналған, ал ұстаушы шығыр болған жағдайда 15°- қа дейінгі қазбаларда қолданылуы мүмкін.

Құлама бұрышы 18° - қа дейінгі қазбаларды жоғарыдан төмен қарай жүргізу үшін ППМ-4у, 1ПНБ-2у, 2ПНБ-2у және ППБ-1 типті арнайы тиегіш машиналары жасалынған (5.1-кесте). ППМ-4у типті машинасының жазық қазбаларда қолданылатын ППМ-4э типті машинадан айырмашылығы машинаның артқы бөлігінің кәсекесіне орнатылған шығырдың (лебедканың) болуында. Шығырдың барабанына арқан байланады, оның екінші шеті жүргізілетін қазбаның тұсында орналасқан машинадан өрлеме бағыт бойынша 25—30 м қашықтықта төзімді тіреуге бекітілген. Аттырма жұмыстары және желдету кезінде тиегіш машинаны еңіс бойынша қауіпсіздік қашықтыққа көтереді және сол жерде бекітеді. Кенжарды қауіпсіз күйге келтіріп, уақытша тіреуді орнатқаннан кейін машинаны кенжарға түсіреді және аттырылған жыныстарды тиеуге кіріседі.

1ПНБ-2у типті тиегіш машина 1ПНБ-2 типті машинаның базасына сәйкестіре жасалынған және одан айырмашылығы жолдың шыңжыр табанды жүрісінде шиптердің және қүшейтілген тежеуші құрылғының болуында. Құлама бұрышы 15° - қа дейінгі қазбаларда машина ұстап тұрушы шығырсыз жұмыс істейді, ал құлама бұрышы одан жоғары қазбаларда машинаны сырғып түсуден сақтау үшін арқанның тартым кермесі 20 кН-ға дейінгі 1ЛП типті шығыр орнатылады. ППМ-4у типті машинамен салыстырғанда 1ПНБ-2у типті тиегіш машинасының өнімділігі біршама жоғары, бірақта судың құйылымы 10 м3/сағатынан асқан жағдайда оның өнімділігі күрт азаяды.

2ПНБ-2у типті тиегіш машинасы конструктивтік жағынан алғанда 1ПНБ-2у типті машинамен ұқсас. Айырмашылық ерекшелігі 2ПНБ-2у типті машинаның өлшемі үлкендеу, қуаты және беріктігі жоғары, сондай-ақ үш дербес жүргізушіден тұратындығы: шыңжыр табанды жүрістен, қармаушы қалақтан және сырмалы науадан. Ол қаттылық коэффициенті f 12-ге дейінгі жыныстар бойынша газдың немесе шаңның қауіптілігі шақтыларда жарықтағы көлденең қимасының ауданы 8,4 м2 және одан жоғары қазбаларды жүргізу кезінде қолданылады.

Машинаның науасы жазық жазықтықта 80° бұрышқа айналуы және табаннан 2180 мм биіктікке көтерілуі мүмкін. 1ЛП типті шығырды және машина мен шығырды қосу кезінде автоматтандырылған түрде ескерту белгілерін беру үшін шығырды дистанционды басқару блогі қызмет жасайды. Жыныстарды тиеу кезінде шаңды басу үшін машина сулау жүйесімен жабдықталған.

ВНИИОМШС конструкциясының ППБ-1 типті тиеу машинасы көлденең қимасының ауданы 8,8…14,5 м2 және құлама бұрышы 18 – тан 45° - қа дейінгі көлбеу қазбаларды газ бен шаңға қауіпті шақтыларда судың ағыны 20 м3/сағатына дейінгі деңгейлерде жүргізу кезінде жыныстарды немесе көмірді тиеу үшін арналған. Машина тік жазықтықта бұрылысты қамтамасыздандыру үшін бүріпалма шөмішпен жабдықталынған. Бұл жынысты көсіп алу нәтижелігін біршама арттырады.

Құлама бұрышы 25° - қа дейінгі қазбаларда жыныстарды тиеу үшін ЦНИИподземмаш және КузНИИшахтострой инстуттарымен жасалынған «Сибирь» типті ұңғымалық жиынтық қолданылады. Жиынтық бұрғыатпалық тәсілмен қаттылығы f = 16 жыныстар бойынша жарықтағы көлденең қимасының ауданы 12—22 м2 қазбаларды газдың немесе шаңның атылысына қауіпті шақтыларда жүргізу үшін арналған. Оны қолдану ұңғымалық циклдің негізгі үдірістерін толығымен механикаландыруды мүмкіндік жасайды: теспелерді бұрғылауды, жыныстарды скипке, вагонеткаға немесе науаға тиеуді, сондай-ақ тұрақты металды немесе тюбингті тіреулерді жартылай механикаландыруды.

«Сибирь» типті ұңғымалық жиынтық (5.5 - сурет) платформадан тұрады. Платформаға бүйірден түсіретін шөміштен тұратын екі тиегіш машина, екі бұрғылық машина, бекітпеорнатқыш және тиегіш орналасқан. Платформаның артқы бөлігінде қазбаның кенжарынан суды шығару үшін сораптар (насостар) орнатылған. Қазбаны жүргізу кезінде ұңғымалық жиынтық қазбаның оймасына орнатылған арқанның және шығырдың (лебедканың) көмегімен арнайы рельс жолдары бойынша орын ауыстырады. Колеяның ені 2030 мм. Тиегіш машиналардың өнімділігі 100—120 м3/сағатына, ұзындығы 16,7 м, ені 3 м, биіктігі 3,16 м, массасы 38 т.

Қазбалардың құлама бұрыштары 35°- қа дейін құраған жағдайда тау-кен массасын тиеуді механикаландыру үшін сырмалық қондырғылар қолданылады. Барлық сырмалық жиынтықтарда сырмалық сөренің (полоктың) кенжардан максимальды ара қашықтығы 25…30 м-ден артығырақ емес құрайды. Сөрені жылжыту қазбаның кенжары 10…15 м ара қашықтыққа жылжығаннан кейін іске асырылады. Сөрені жылжыту алдында сырманың көмегімен қазбаның бүйір тұсындағы барлық жыныстар тазартылады. Ол үшін қазбаның бір жағынан сырмалық сөреге жақындау аралыққа қосымша апарып тастау блогі орнатылады (5.6-сурет), ал кенжарлық блокті қазбаның ортасынан сол тұсқа ауыстырады. Содан кейін жынысты сөреге тасымдайды. Қазбаның бір тұсындағы жынысты тазалағаннан кейін кенжар мен бүйір блоктарын екінші жаққа ауыстырады және жынысты бастапқыдай тазартады.

Көлбеу қазбаларды жүргізу кезінде жыныстарды тасымалдау үшін вагонеткалар, скиптер, таспалы және сырмалы науалар қолданылады.

Таспалық тасымалдау кезінде жынысты тиеу үздіксіз жүзеге асырылады және тиеу уақыты тиеу машинасының өнімділігіне байланысты.

Таспалы науалар құлама бұрышы 18°- қа дейінгі, ал сырмалы науалар 30°-қа дейінгі қазбаларда қолданылады. Осындай түрлі көлік біршама өнімділі және технологиялы. Бірақта оны қолдану мүмкінділігі судың кенжарға жиналуына және жыныстардың физика-механикалық қасиеттеріне байланысты. Мысалы, қазбалардың құлама бұрыштары 12°- тан артқан және судың кенжарға жиналымы 10 м3/сағатынан жоғары болған жағдайда таспалы науалардың өнімділігі күрт төмендейді. Себебі, сумен қанған жыныстар науадан табан тұсқа сырғып түсіріледі және оны тасымалдау қиындатылады. Бұндай жағдайда сырмалы науаларда нашар жұмыс істейді. Себебі, жыныстардың рештактарға жабысуы байқалады. Осының салдарынан рештактарды жиі тазалауға тура келеді. Қатты жыныстарды сырмалы науалармен тасымалдау кезінде үйкелістін салдарынан металдық рештактардың қызылуы және ұшқынның байқалуы мүмкін.

Жыныстарды науалық тасымалдау кезінде кенжарға материалдарды жеткізу үшін қысымшиналы жүрісті өзіжүргіш вагонеткалар (20°- қа дейін), дарарельс және арқанды ілмелі жолдар (28°- қа дейін), сондай-ақ вагонеткалар қолданылады.

5.5 - сурет - Көлбеу қазбаларды ұңғылауға арналған «Сибирь» типті

жиынтық: 1 – бұрғылық машиналар; 2 – бекітпе төсегіш; 3 - платформа;

4 – сырмалы тиегіш; 5 – шанақ (бункер); 6 – тиегіш машина

5.6 - сурет – Жыныстарды сырмалармен тиеу кезінде көлбеу қазбалардың

табанын тазалау схемасы

Арқанды-рельсті көлік құлама бұрышы 5—7° дейін және одан жоғары қазбаларда қолданылады, ал 20—25° құламаларда ол жалғыз мүмкіндікті қолданым болып саналады. Жыныстарды вагонеткалармен тасымалдау 25° - қа дейінгі құламаларда жүзеге асырылады, ал құлама бұрышы жоғары қазбаларда – аудармалық скиптермен. Вагонеткалар мен скиптерді түсіру және көтеру арнайы камераға орналасқан бірбарабанды және екібарабанды көтергі машиналармен жүзеге асырылады.

Жыныстарды вагонеткалар мен скиптерде тасымалдаудың кемшілігі болып тиелінген ыдысты көтеру және бос ыдысты түсіру кезінде көтергі машиналардың жұмыссыз тұруы салдарынан пайдалану өнімділігінің төмендігі саналады.

Машинаның жұмыссыз тұруын азайту үшін кенжарларға жақындау жерде жабық темесе тұйық айырықтар орналастырылады ( 5.7- сурет). Айырықтар болмаған кезде (5.7, а сурет) тиелген вагонетка тасыма штрекке дейін көтеріледі, ал одан кейін бос вагонетка түсіріледі. Тиелінген вагонетканы көтеру және бос вагонетканы түсіру кезінде көтергі машина жұмыс істемейді.

Кенжарда айырықтар болған жағдайда (5.7, б - сурет) жынысты вагонеткаға тиеуді қазба бойынша вагонеткалардың жүрісімен бірлестіреді. Жұмыста екі вагонетка тұрады – біреуі тиелуде, ал екіншісі кенжарға түсіріледі және айырық жолдарында орналасады. Одан кейін арқан тиелінген вагонеткаға ілінеді. Тиелінген вагонетка айырықтық жолға жылжытылып бос вагонеткаға ілінеді, одан кейін екі вагонетканы көтерме машинаға жеткізеді. Содан кейін вагонеткаларды бір-бірінен айырып бос вагонетканы жыныстармен толтырады, ал тиелінген вагонетканы тасыма горизонтқа көтереді. Тиелінген вагонетканы бос вагонеткаға ауыстырады және ақырғысын кенжарға түсіреді.

Вагонеткамен көтермелеумен салыстырғанда скиптік көтерме өнімділі, бірақта материалдар мен жабдықтарды көтеру және түсіру қиындықты.

5.7 – сурет – Біршеткі тасымамен көлбеу қазбаларды жүргізу кезінде

вагонеткаларды ауыстыру схемасы: 1 – көтерме шығыры (лебедкасы);

2 – жүктік айырық

Құлама бұрышы 30°- қа дейінгі көлбеу қазбаларды жоғарыдан төмен қарай жүргізу кезінде тіреуді орнату жазық қазбалардың тіреулерін орнатумен бірдей. Еңістерде жиі жағдайда арқалық металл тіреуі қолданылады.

Еңістерді жүргізу кезінде судың болуы кенжардағы жұмыстардың жағдайын нашарлатады. Сонын салдарынан еңбек өнімділігі мен қазбаны жүргізу жылдамдығы төмендейді. Су қазбаға штректін сутартпа жырасымен, кенжардан немесе тақтаның төбесі мен табанынан қазбаның ұзындығы бойынша келуі мүмкін.

Кенжардағы су сорылып алуы тиісті. Суды сорып алу схемасы судың жиналуына, көліктін түріне, қазбаның ұзындығына және оның құлама бұрышына байланысты таңдалады.

5.8 – сурет – Көлбеу қазбаларды жүргізу кезіндегі екісатылы сутөкпе схемасы:

1 - еңіс; 2 – жүріс жол; 3 және 4 – кенжарлық сорап (насос); 5 – суды тұңдыруға арналған

вагонетка; 6 - сужиғыш; 7 – суайдағыш сорап (насос); 8 – көлденеңді жыра

Қазбаларда судың жиналымы шамалы болған жағдайда (5 м3/сағатына дейін) және жыныстарды вагонеткалармен немесе скиптермен тасымалдау кезінде суды ұстау жұмысы жүзеге асырылмайды. Кенжардағы су жылжымалы сораптардың көмегімен (Н-1м, «Байкал-2», НЗУ-1 және т.б.) вагонеткаға немесе скипке сорылып жыныспен бірге шығарылады. Судың жиналымы көп болған жағдайда, сондай-ақ жыныстарды науалық тасымалдау кезінде суды сору сораптармен жүзеге асырылады.

Бірсатылы сутөкпе схемасы құлама бұрышы 25о- қа дейінгі ұзындығы 200…300 м қазбаларда қолданылады. Судың тек қана қазбаның кенжарынан ғана емес, сондай-ақ оның ұзындығы бойынша бөлінген жағдайында және еңісті қазбаларда көпсатылы сутөкпе схемасы қолданылады.

Қатарлас көлбеу қазбаларды бір мезгілде жүргізу кезінде көпсатылы сутөкпе схемасы қолданылады (5.8 – сурет). Әрбір қазбаға кенжарлық сорап орналастырылады. Сорап суды түйіспеде орналасқан аралық сужиналымға жеткізеді. Содан кейін су қайтатөкпе сорабымен жоғарғы горизонтқа шығарылады.


4350441467142173.html
4350486946303424.html
    PR.RU™